Путиннің қасында «ядролық чемодан» алып жүрген күзетшіні атып кетті

Еркеғали Болатұлы

Ол Кремльде тек Путиннің қарамағында ғана емес, Борис Ельциннің кезінде де жұмыс істеген

фото: m.mamul.a

РФ президенті Владимир Путиннің күзетшісі болған және онымен бірге «ядролық чемодан» алып жүрген ФСБ полковнигі Вадим Зимин оқ жарақатымен ауруханаға түскен.

Mirror басылымы хабарлағандай, қазір ол ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетсек, Зиминді ағасы 20 маусымда Мәскеу облысының Красногорск қаласындағы пәтерінен жаралы күйде тапқан. Оның жанында 79-9ТМ травматикалық тапаншасы болған. Бұл кезде азаматтық некеде тұратын әйелі қасында болмапты.

Жалпы, Вадим Зимин Кремльде тек Путиннің қарамағында ғана емес, Борис Ельциннің кезінде де жұмыс істеген. Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, ол кеден қызметінде жұмыс істей бастағаннан кейін пара алды деген айыппен қылмыстық істі тергеуге байланысты үй қамауында болған.