Ұлттық ұланның 100-ден аса сарбазы запасқа шығарылды

Дәурен Ерболат

Олар қаладағы қылмыстық-түзету жүйесі мекемесін күзеткен

Фото: Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Павлодардағы №6679 әскери бөлімінің 100-ден аса сарбазы запасқа шығарылды, деп хабарлайды Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Сарбаздар Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Олар Павлодар қаласындағы қылмыстық-түзету жүйесі мекемесін күзетті. №6679 әскери бөлімінің запасқа шығарылған сарбаздары сағат және грамоталармен марапатталды, - деп жазылған хабарламада.