Ресейліктер Қазақстанға ағылуда: шекарадағы 5 шақырымдық кезектің видеосы тарады

Халық үні

Видеодан ресейлік көліктердің бір жолақты жолға екі қатардан тізілгенін көруге болады

фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарасындағы 5 шақырымға созылған көлік кептелісінің видеосы тарады. Видео авторы шекарадағы ресейліктердің Қазақстанға ағылып жатқанын айтады.

Шекарадағы жағдайды бейнежазбаға түсірген азамат 11 маусым күні таңғы сағат 10.45 шамасында кезек пайда болғанын айтады.

Автор Ресей кеденінен алыстап бара жатып, Қазақстанға кіруге ниет білдірген жеңіл және жүк көліктерінің 5 шақырымдық тізбегін видеоға түсіріп алған. Бейнежазбадан ресейлік көліктердің бір жолақты жолға екі қатардан тізілгенін көруге болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізден жеке сәйкестендіру нөмірін алған ресейліктер саны 42 мыңнан асқанын жазған болатынбыз.