×

«Бағыттарыңыз дұрыс емес...»: Шешенстан саясаткері Қазақстан тарапына базынасын айтты

Арамызда мәселе емес, бауырлас халық ретінде дұрыс қарым-қатынас болуы керек

 Еркеғали Болатұлы 21.06.2022 | 10:45
фото: ашық дереккөз

Шешенстандағы оппозициялық саясаткер, диссидент Тумсо Абдурахманов Рамзан Кадыровтың мәлімдемесі мен қазақстандық журналистің сөзіне түсініктеме берді. Алдымен ол қазақстандықтардан Кадыровты шешен халқынан бөліп қарауды өтінді.

Қадыровтың айтқан сөзі Қазақстан халқының, қайраткерлерінің наразылығын тудырды. Бірақ көпшілік ресейлік шенеуніктің (Кадыров) сөзіне емес, шешен халқына жауап беріп жатыр. Қайдағы бір ресейлік шенеунік сіздерге қатысты бірдеңе айтса, Ресейге қарсы емес, сол сатқын шыққан елге жауап бердіңіздер.

Мына бағыттарыңыз дұрыс емес. Қазақстандық журналист пост жазып, шешендерге тарихты еске алу керектігін айтты. Кадыровқа ескертуді сұрады. Сен ресейлік тарапқа жүгін! Шенеуніктеріне ескерту жасайтын шығар. Шешен халқы қазақтар туралы ештеңе айтқан жоқ»,  – деді Тумсо Абдурахманов.

Осы орайда ол шешен мен қазақ халқының арасында ешқандай мәселе жоқ екенін еске салды. Айтуынша, олар «егер ұлты қазақ ресейлік шенеунік шешендер туралы бірдеңе айтар болса, қазақтарға емес, Ресейге жауап қайтарады» екен. Сондай-ақ шешен халқының Қазақстанға көшірілуін түрлендірудің қажеті жоқ екенін де ескертіп қойды.

Сталин шешендерді елінен қуып, Сахараға жібергенде Қазақстан тәуелсіз ел ретінде «бауырлас халықтың онда баруына жол бермейміз, бізге жіберіңдер» деп айтқан жоқ. Қазақстан да шешендер және барлық елдер секілді Кеңес империясының қол астында болды. Қазақтардан «шешендерді қабылдайсыңдар ма?» деп сұраған жоқ.

Шешендерді қазақ жеріне әкеліп тастады. Жағдайды түрлендірмейік. Шешендерде қазақтарға қатысты ешқандай шағым мен сұрақ жоқ. Қазақтарда да шешен халқына қатысты ешқандай шағымы болмауы тиіс. Арамызда мәселе емес, бауырлас халық ретінде дұрыс қарым-қатынас болуы керек. Бұл мәселеге айналып келмейміз деп ойлаймын», – деп түйіндеді ол сөзін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама