×

«Ресей Қазақстанды құтқарды» – Кадыров ҰҚШҰ құрамындағы елдерге видеоүндеу жасады

Украинадағы оқиғаларға қатысты ұстанымдарын айтуды сұрап отыр

 Еркеғали Болатұлы 20.06.2022 | 00:33
фото: ашық дереккөз

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдеріне бейнеүндеу жасады.

Ол ҰҚШҰ құрамындағы елдерден Украинадағы оқиғаларға қатысты ұстанымын айтуды сұрап отыр.

«Ресей Қазақстанды құтқарды. Армения мен Әзербайжан арасында соғыс болған кезде Путин басты рөл атқарды.

Қазақстан егемендігінен айырыла жаздаған кезде кім көмектесті? Ресей. Ешкімнен қорықпады.

Неліктен біздің ата-бабаларымызды өлтірген бандерлерге, ұлтшылдарға және фашистерге қарсы ұстанымдарың жоқ?» – деді ол Telegram арнасына жариялаған видеосында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама