Шымкентте пойыз бен жүк көлігі соқтығысты (ВИДЕО)

Қанат Атаманов

Зардап шеккендер жоқ. Апаттың жай-жапсары әзірге белгісіз

Фото: видеодан скриншот

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 маусымда түс ауа «Елтай» тұрғын үй алабына жақын маңдағы теміржол өткелінде болған.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде апат орнында түсірілген видео жарияланды. Видео кадрларынан жөк көлігінің пойыз алдында көлденең тұрғанын көруге болады.

Оқиға орнында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Апаттың жай-жапсары әзірге белгісіз.