Halyq Uni логотип
×

«Вайнахтарды ұмытшақ деп ойламадым»: Пономарев Кадыровқа шешендердің қазаққа қарыздар екенін ескертті

Өздері аш отырса да, нандарын бөліп, шешен балаларын өз қоныстарына кіргізді

 Еркеғали Болатұлы 20.06.2022 | 14:27
«Вайнахтарды ұмытшақ деп ойламадым»: Пономарев Кадыровқа шешендердің қазаққа қарыздар екенін ескертті
фото: grozny-inform.ru

Журналист Сергей Пономарев өзінің Facebook-тегі парақшасында Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың Қазақстанға қатысты мәлімдемесіне жауап берді.

Ол 1944 жылдың ақпанында Кеңес үкіметі Гитлердің жағына өтіп кетуі мүмкін деген күдікпен 500 мыңға жуық шешенді Қазақстанға жер аударып жібергенін айтты.

Мен вайнахтарды ұмытшақ деп ойламадым. 1944 жылдың ақпанында шешендерді жылы киімсіз, азық-түліксіз Қазақстанға жіберген. Бұл тұтас халықты ең үлкен жер аудару болды. Адамдарға жиналуға, азық-түлік алуға мүмкіндік берместен, қақаған аязда қазақ даласына алып келді, – деді журналист.

Осы орайда ол адамдарды жер аударуға бағытталған «Жасымық» операциясының 23 ақпан мен 9 наурыз аралығында өткенін еске салды.

90-жылдардың басында шешенді депортациялау кезінде мен Грозныйда болдым. Үйіне оралғандар көздеріне жас алып, қазақтарға алғыстарын жеткізді. Қазақстар аязда далада өліп қалуға жол бермеді. Өздері аш отырса да, нандарын бөліп, шешен балаларын өз қоныстарына кіргізді. Шешенстанның бірінші президенті Джохар Дудаев өз сұхбатында Қазақстанның шешендер үшін екінші Отан екенін шын пейілімен айтқан, – деді Сергей Пономарев.

Оның айтуынша, Қазақстанда Джохар Дудаевтың да әкесі жерленген.

Рамзан Ахматұлының есіне түсіріп жіберіңдерші, мүмкін сол кезде ол ұялатын шығар, – деп түйіндеді сөзін журналист.

Айта кетсек, бұған дейін Рамзан Кадыров ҰҚШҰ-ға мүше елдерге видеоүндеу жасап, «Ресей Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап қалды» деп мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама