Танымал вайнерлерді қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды

Ербол Тұрымбет

Олар Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған

скриншот: әлеуметтік желі

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған танымал вайнерлер - Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовті қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қаласының тергеу сотынан хабарланды.

2022 жылғы 18 маусымдағы қаулысымен күдіктілерге қатысты қамауда ұстау мерзімін 2 айға дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 күнге қамауға алынып, сәуір айының соңында оларды қамау мерзімі екі айға ұзартылды. Ал тағы бір вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Қазіргі кезде оны іздестіру шаралары басталды.