Halyq Uni логотип
×

Жеңгетайлықпен айналысқан астаналық 2 млрд теңге заңсыз табыс тапқан

Қаражатты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеген

 Динара Амантай 26.12.2024 | 09:40
Жеңгетайлықпен айналысқан астаналық 2 млрд теңге заңсыз табыс тапқан
Фото: Halyq Uni

2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге заңсыз табыс тапқан, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, қаражатты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге табысқа қол жеткізген.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:

  • 350 млн теңгеге салынып жатқан объектідегі ауданы 500 шаршы метр коммерциялық үй-жай;
  • 92 млн теңгеге өз баласына күтім жасап жүрген жөніндегі жалдамалы қызметкерге тіркелген жалпы ауданы 329,1 шаршы метр болатын 5 екі бөлмелі пәтер;
  • 667,5 млн теңгеге Астана қаласында жалпы ауданы 784 шаршы метр жер учаскелері бар екі коттедж;
  • 335,4 млн теңгеге елорданың элиталық тұрғын үй кешендерінде жалпы ауданы 292 шаршы метр болатын 2 пәтер мен тұрақ орын;
  • 114 млн теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz автокөлігін сатып алған.

Сонымен қатар, тінту кезінде 50 млн теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынды. Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 миллион теңгеге қайта сатып 51,5 миллион теңге қосымша қылмыстық табыс тапқан.

Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді, – делінген хабарламада.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді. Сонымен қатар, пәтерлердің иелері туралы жалған куәлік берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама