Қызметтік иттердің көмегімен есірткі тасымалдаудың 33 дерегі анықталды

Дәурен Ерболат

Былтыр осындай 29 дерек тіркелген

Фото: gov.kz/Кинологиялық орталық

ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары қызметтік иттердің көмегімен есірткі тасымалдаудың 33 дерегін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жыл басынан бері агенттік қызметкерлері есірткі тасымалдаудың 33 фактісін анықтады.

Табылған есірткінің жалпы салмағы – 17 келі:

  • Марихуана/каннабис – 5,2 келі (20 факт);
  • Гашиш/гашиш майы – 11,5 келі (11 факт);
  • Көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және тағы басқа синтетикалық есірткі.

Сондай-ақ биыл Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды.

Анықталған валютаның жалпы сомасы – 529 152 доллар мен 9 500 еуро. Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген.

Айта кетейік, 2023 жылы кинологиялық орталық мамандары есірткі транзитінің 29 фактісін және валютаны заңсыз шығару әрекетінің 18 фактісін анықтаған.