Мемлекетке 400 млн теңге шығын келген
Ақмола облысында шетелден 55 көлікті заңсыз кіргізумен айналысқан 2 тұрғын сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҚМА дерегінше, агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттары қолданылған 55 көлікті заңсыз тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Тергеу барысында осы схеманың ұйымдастырушысы анықталды. 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеген. Салдарынан мемлекетке 400 млн теңгеден аса шығын келген.
2 кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың Астана және Көкшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 млн теңгеден асатын пәтерлері мен Көкшетаудағы құны 35 млн теңге болатын үйі тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.