Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы рейтингте көрсеткішті жақсартты
Рейтингте 164 мемлекет бар

Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы Basel AML Index тәуелсіз рейтингінде 111-орынға ие болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаржылық мониториг агенттігінің мәліметінше, Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді рейтингте Қазақстан 4,65 баллмен 111-орынға тұрақтады.
Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур, Қытай, Катар, Италия, Венгрия және Түркия сияқты елдерді артта қалдырды.
Ең аз тәуекелге ұшыраған 5 елдің қатарына Сан-Марино, Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра мен Швеция енді.
Былтыр еліміз 4,71 баллмен 100-орынға ие болған.
АЖ/ТҚҚ тәуекелі 10 балдық шкала бойынша бағаланады (мұнда 10 – ең жоғары тәуекел, 0 – ең төменгі тәуекел).
2024 жылы индекс (қоғамдық нұсқа бойынша) 164 елді бағалады және ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың (АЖ/ТҚҚ) жоғары тәуекеліне ықпал ететін 5 саладағы 17 көрсеткішке негізделген.
Айта кетейік, тәуелсіз рейтингте Қазақстан позициясын жақсартуға елдің АЖ/ТҚҚ қарсы іс-қимыл жүйесіндегі барлық қатысушының тиімді және үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізілді.