Әлем чемпионатына қатысатын командалар белгілі болды

Дастан Жұмабекұлы

Катардағы доп додасы 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді

фото: championat.com

Биыл 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын барлық команда анықталды.

Катардағы теңбіл доп додасына жолдаманы соңғы болып Коста-Рика мен Жаңа Зеландия құрамалары сарапқа салды. Бұл кездесуде америкалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, араб әлеміндегі алғашқы мундиальға қатысатын болды.

Төменде әлем чемпионатының топтық кезеңінде кездесетін командалардың тізімі жарияланып отыр.

А тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды.

B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс.

C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша.

D тобы: Франция, Австралия, Дания, Тунис.

E тобы: Испания, Коста-Рика, Германия, Жапония.

F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия.

G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун.

H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.