Halyq Uni логотип
×

Биыл заңсыз майнингпен айналысқандар 440 млн теңге табыс тапқан

Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 02.12.2024 | 17:46
Биыл заңсыз майнингпен айналысқандар 440 млн теңге табыс тапқан
Фото: Halyq Uni

Теміртауда заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктінің өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешенін орнатқаны анықталған.

Тінту барысында объектіден 156 дана майнинг жабдықтары (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді. Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ҚМА хабарламасында.

Айта кетсек, жыл басынан бері заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 11 фактісі анықталған.

Олардың қылмыстық табысының жалпы сомасы – 440 миллион теңге. Тергеу барысында 269 миллион теңгенің майнингтік жабдықтары тәркіленіп, 373 миллион теңге көлемінде цифрлық активтер өндірілді, – делінген ақпаратта.

Сотқа жіберілген екі қылмыстық іс бойынша жалпы қылмыстық табыс – 216 миллион теңге. Осы істер шеңберінде 1,1 миллиард теңгенің мүлкі мен 30 млн теңгеден астам цифрлық активтерге тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама