Halyq Uni логотип
×

Астанада есірткісі бар сәлемдемені алмақ болғандар 18 жылға сотталды

Тыйым салынған зат АҚШ-тан жеткізілген

 Дәурен Ерболат 25.11.2024 | 09:05
Астанада есірткісі бар сәлемдемені алмақ болғандар 18 жылға сотталды
Фото: Halyq Uni

Елордада есірткісі бар сәлемдемені алмақ болған тұрғындар 18 жылға сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚМА мәліметінше, агенттіктің елордалық департаменті қызметтік иттің көмегімен кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында салмағы шамамен 1 келі гашишті тауып тәркіледі. 

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізілген мониторинг нәтижесінде "Қазпошта" АҚ қалалық филиалында тағы бір сәлемдеме бары анықталды. Оның жалпы салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері екені анықталды. Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды.

Сот шешімімен істің 2 қатысушысы кінәлі деп танылып,  8 және 18 жылға сотталды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 116 қылмыстық іс тіркелді. 57,3 келі есірткі тәркіленді.
Сондай-ақ 1,7 келі психотропты заттар, анаболиктер (206 мың дана), "Тропикамид" көз тамшылары (1 680 дана) тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама