Ол Палестина халқына да «жылу жинаған»
Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу дерегі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша тағы бір дерек анықтағанын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Агенттік мәлімдеуінше, оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталған. 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырған.
2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. Sensata Plaza элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic жаңа автокөлігін сатып алды, деп жазылғар Агенттік мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де Rolex, Prada және Fendi брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалған.
Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке алынған.