Агенттік бюджет шығындарын қысқартты
ҚМА инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру барысында мемлекеттік жобаларға бөлінген 80 млрд теңгені үнемдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Агенттіктің мәліметінше, қаңтардан бастап 34 жоба бойынша 79 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының шығындары қысқартылған.
Қарағанды облысында «Қарағанды Су» ЖШС Негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту» жобасының ЖСҚ әзірлеу сатысында құбырлардың 5 түрінің құны артық жобаланғаны анықталды. Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша жобаның мәлімделген сметалық құны 23 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге дейін төмендетілді, нәтижесінде 6,1 млрд теңге үнемделді, – делінген Агенттік хабарламасында.
Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын талдау барысында өндіруші емес жеткізушілердің ұсыныстары негізінде интерактивті сенсорлық панельдің құнын арттыру фактісі анықталды. Агенттік «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-мен өзара іс-қимыл нәтижесінде панельдердің бағасы нарықтық деңгейге дейін төмендетілді, бұл 14 млрд теңге мөлшерінде артық шығынтардың алдын алуға мүмкіндік берді.