Halyq Uni логотип
×

Алкоголь өндіретін 100-ден аса жасырын цех анықталды

Келер жылы бүкіл өндіріс процесі цифрландырылады

 Динара Амантай 01.11.2024 | 09:44
Алкоголь өндіретін 100-ден аса жасырын цех анықталды
Фото: Halyq Uni

Акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымына қарсы күрес күшейеді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, агенттік кейінгі 4 жылда (2021-2024 жылдары) алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмыстық істі тіркеді.

Суррогат алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталып, 3,3 млн-нан астам бөтелке, 720 мың литр спирт және құрамында спирті бар сұйықтық, 640 мың жалған ЕБМ тәркіленді, – делінген хабарламада.

ҚМА алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымына қарсы тұру мақсатында 2026 жылы таңбалау мен қадағалауды жүйесін енгізіп, бүкіл өндіріс процесін цифрландырмақ.

Дөңгелек үстел соңында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама