Шекарадан адам өміріне қауіпті препараттарды өткізбек болғандар ұсталды
Ампулалар мен таблеткалар АҚШ пен Еуропаға жөнелтілген
Шекарадан адам өміріне қауіпті препараттарды өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрінде жасырылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттары бар анаболиктерді, стероидтерді Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды. 206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасын қолданды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.