×

Мемлекеттік сатып алу кезінде 80 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар жасалған

Тексеру барысында 26 145 рәсімнің бұзылғаны анықталды

 Динара Амантай 14.06.2022 | 11:20
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері 5,3 трлн теңгеге жасалынған 328,5 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі тексерілді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.

Биылғы 5 айда 5,3 трлн теңгеден астам сомаға 328,5 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 26 145 рәсімнің бұзылғаны анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзуларды жою туралы хабарламалардың 93%-ын орындады, – деді Қаржы министрі.

Оның айтуынша, жалпы 957 аудиторлық іс-шара өткізілген. Шамамен 1,9 трлн теңгеге тең бюджет қаражаты аудитпен қамтылған.

Осылайша 80 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 71 млрд теңгенің бұзушылықтары жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 817 ұсыным берілді, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұған дейін Қаржы министрі Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атағанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама