×

Асхат Аймағамбетов туған күнімен құттықталып, Саясат Нұрбек ант берді

Бүгін оқу-ағарту министрі 40 жасқа толды

 Дәурен Ерболат 14.06.2022 | 10:20
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ант берді, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

«Қазақстан халқы мен президент алдына өз Отаным Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы билігін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін», - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ премьер-министр Әлихан Смайылов Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовті туған күнімен құттықтады.

Асхат Қанатұлы 40 жасқа толып отыр. Құтты болсын! - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, биыл 11 маусымда Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама