Halyq Uni логотип
×

Жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден аса төлемдер түспеген

 Динара Амантай 15.10.2024 | 09:09
Жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көліктерінің VIN-кодтары бойынша жалған деректер енгізгені анықталды. Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген.

Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.

Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды. Сот оларға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Күдіктілердің 42 млн теңге көлемінде мүлкі бұғатталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама