Ол әр жылдары денсаулық сақтау министрлігінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған
Денсаулық сақтау бірінші экс-вице-министрі Марат Шоранов Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ басқарманың жаңа төрағасы тағайындалды. ҚазҰМУ-ды Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. 2022 жылғы 13 маусымда бұйрық жарияланды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қызметінен босатылғаны хабарланған.