×

Вице-министр Марат Шоранов қызметінен босатылды

Ол бұл қызметке 2020 жылғы маусымда тағайындалған

 Дәурен Ерболат 10.06.2022 | 11:19
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қызметінен кетті, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Бинеш Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары денсаулық сақтау министрлігі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.

2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2019 жылы — Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама