Марқұм Шерзат Болаттың үйі өртенген еді
Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша барлық айғақ алынып, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғар ауданындағы үйді өртеу фактісі бойынша тергеу барысы туралы мәлімдеді.
Бауыржан Аленовтың айтуынша, қылмыс жасалған сәттен бастап, яғни 4 қазаннан бері Талғар ауданында министрдің бірінші орынбасары бастаған ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыс жасалған жерде мұқият тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларынан жазбалар қаралуда. Аулалар мен есепте тұрған тұлғалар тексеріліп жатыр. Отбасының тұрғылықты жерін полиция қызметкерлері патрульдеуде. Оқиға орын алған кезде өрт болған үйде ешкім тұрып жатқан жоқ еді. Жанұя қазіргі кезде басқа мекенжайда тұрып жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратпауға шақырамын, – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Алматы облысының прокуроры барлық тергеу әрекеті Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
«Тергеу барысы туралы бас прокурорға есеп беремін. Бүгінгі таңда арнайы прокурорлар үйді өртеу фактісін тергеп жатыр. Оқиға орнынан барлық айғақ алынып, олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Біз сараптама нәтижелерін күтудеміз, одан кейін қосымша ақпарат беріледі. Қазір осы іс бойынша көптеген жалған мәлімет таратылуда. Азаматтарға жалған мағлұмат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескерткім келеді», – деді Берік Адамов.
Талғарда адам қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі жанып кетті: отбасын полиция күзетеді. Бас прокуратура Талғарда өлтірілген жасөспірімнің үйін өртеу фактісін бақылауға алды. Алматы облысының әкімдігі Шерзат Болаттың отбасына қалай көмектесетінін айтты. Адам қолынан қаза болған жеткіншектің үйі қалай өртенді – ТЖМ мәлімдемесі. «Құқық қорғау жүйесін реформалау маңызды»: Аймағамбетов Талғардағы оқиғаға қатысты пікір айтты. Талғардағы өрт: Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары оқиға орнына барды (ВИДЕО).