×

Бас прокуратура Талғарда өлтірілген жасөспірімнің үйін өртеу фактісін бақылауға алды

Жедел-тергеу тобы құрылды

 Қымбат Елтайқызы 12.10.2024 | 11:02
фото: Halyq Uni

Бас прокуратура Талғар ауданында адам қолынан қаза тапқан жасөспірімнің отбасының үйін өртеу оқиғасына қатысы бар кінәлілерді әшекерелеу үшін барлық шара қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданады. Қылмыстық iс бас прокурордың бақылауына алынды, – деді Бас прокуратура.

Талғарда адам қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртенді: отбасын полиция күзетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама