Halyq Uni логотип
×

Талғардағы өрт: Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары оқиға орнына барды (ВИДЕО)

Ол марқұм Шерзаттың өртенген үйінің қасында видеоүндеу жариялады

 Қымбат Елтайқызы 12.10.2024 | 17:00

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Алматы облысында оқиға орнында жүр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқарып жатыр. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, – деді Аленов.

Талғарда адам қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі жанып кетті: отбасын полиция күзетеді. Бас прокуратура Талғарда өлтірілген жасөспірімнің үйін өртеу фактісін бақылауға алды. Алматы облысының әкімдігі Шерзат Болаттың отбасына қалай көмектесетінін айтты. Адам қолынан қаза болған жеткіншектің үйі қалай өртенді – ТЖМ мәлімдемесі. «Құқық қорғау жүйесін реформалау маңызды»: Аймағамбетов Талғардағы оқиғаға қатысты пікір айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама