Адам қолынан қаза болған жеткіншектің үйі қалай өртенді – ТЖМ мәлімдемесі
Баспананың қалай отқа оранғаны айтылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Талғарда адам қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасының үйі қалай жанғанын айтып берді, деп хабарлайды Halyq Uni.
12 қазан күні сағат 00-50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй жанып кетті. Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 техникасы дереу жіберілді. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте сағат 01-08-де тұрғын үйдің шатырының жанғаны анықталды. Үй толығымен отқа оранған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде жалын 01-38 оқшауланып, 01-43 сағатта 56 ш.м. алаңда толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтыланып жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.
Жалынның себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жүр.
Талғарда адам қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі жанып кетті: отбасын полиция күзетеді. Бас прокуратура Талғарда өлтірілген жасөспірімнің үйін өртеу фактісін бақылауға алды. Алматы облысының әкімдігі Шерзат Болаттың отбасына қалай көмектесетінін айтты.