Алматы облысының әкімдігі Шерзат Болаттың отбасына қалай көмектесетінін айтты
Түнде марқұмның үйі түгі қалмай жанып кетті
Алматы облысының әкімдігі Талғар ауданында адам қолынан қаза болған жасөспірім Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне байланысты марқұмның отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Ш.Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі, – деді жергілікті әкімдік.
Талғарда адам қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртенді: отбасын полиция күзетеді. Бас прокуратура Талғарда өлтірілген жасөспірімнің үйін өртеу фактісін бақылауға алды.