Halyq Uni логотип
×

Шымкентте заңсыз майнингпен айналысқандар 100 млн теңге табыс тапқан

Оларға қатысты сот үкімі шықты

 Динара Амантай 09.10.2024 | 09:48
Шымкентте заңсыз майнингпен айналысқандар 100 млн теңге табыс тапқан
Фото: Halyq Uni

Шымкентте криптовалюта өндіретін заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі адам ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚМА мәліметінше, 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында аталған азаматтар жалпы көлемі 100 млн теңгеден аса кіріс ала отырып, майнингтік ферманы заңсыз ұйымдастырған.

Олардың жалпы көлемі 370 млн теңге болатын 1 мың дана ASIC майнерлер (биткоин өндіру жабдығы) мен заңсыз өндірілген цифрлық активтер (биткоиндар) түріндегі мүлкі тәркіленіп, айыпталушыларға сәйкесінше 2 жылға бас бостандығынан айыруға және 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 фактісі анықталды. Олардың қылмыстық табысы 400 млн теңгеге жуықтады.

Қаржылық мониторинг агенттігі аталған қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілгенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама