Қазақ-қырғыз шекарасына ай сайын 10 мың тонна жанармай заңсыз жеткізіледі
Жанар-жағармайдың заңсыз айналымына қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚМА-да өткен ведомствоаралық кездесуде айтылды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жиында шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейту мәселесі талқыланды.
Ақпаратқа сәйкес, қазір қуаты аз мұнай өңдеу зауыттарында өңделген ЖЖМ ағындары мен «сұр» экспортының күшею қаупі бар.
Баға айырмашылығынан ЖЖМ жеңіл автокөліктердің зауытта қондырылған немесе қолдан жасалған бензин бактарында ел аумағынан заңсыз шығарылады. Тек Қазақстан-Қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тоннаға дейін ЖЖМ әкетіледі, – делінген ҚМА хабарламасында.
Сондай-ақ, жағармай құжаттарына жалған ақпарат енгізіліп, теміржол цистерналарымен тасымалдау фактілері де кездесетіні атап өтілді.
Осыған байланысты жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу бойынша одан әрі бірлескен шаралар талқыланып, мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Автомобиль және теміржол көлігімен ЖЖМ заңсыз өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау фактілері анықталып, тергеліп жатыр. Жыл басынан бері 21 қылмыстық іс тіркелді, – делінген ақпаратта.
Ал, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы 3,5 мың тонна өнім болды. Оның құны 900 млн теңгеден асты.