ҚМА қазақстандықтарды сақ болуға шақырады
Алматыда жалған долларды бірнеше рет сатқан 2 тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемде жалған 100 долларды сату фактісін анықтады. Күдіктілер жалған купюраларды өткізу кезінде ұсталды.
2 алматылық криптовалюта сатып аламыз деген желеумен жалған долларды бірнеше рет сатқан. Жалған ақшаның жалпы сомасы – 32 700 доллар.
Сот үкімімен 2 айыпталушы кінәлі деп танылды. Олар 5 жылдан 5,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері агенттік Қазақстанда айналымнан 1060 жалған банкнот тәркіледі. Оның ішінде:
Тәркіленген жалған ақшаның жалпы құны 43 млн теңгеден асады.
Сондай-ақ биыл жалған купюраны жасап сатқаны үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейін сотталды.
ҚМА валюта айырбастау кезінде қазақстандықтар сақ болу керегін ескертеді.