Зинедин Зидан «ПСЖ» клубының бас бапкері болудан бас тартты – БАҚ

Қанат Атаманов

Зидан бір апта бұрын клуб басшылығымен кездесу өткізген

Фото: ашық дереккөздерден

Француз жаттықтырушысы Зинедин Зидан «Пари Сен-Жерменді» футбол клубына жетекшілік етпейтін болды.

Журналист Ромен Молинаның мәліметінше, Зидан бір апта бұрын клуб басшылығымен кездесу өткізген. Бірақ әйгілі футболшы әрі нәтижелі бапкер париждіктердің ұсынысынан бас тартқан. Дегенмен, клуб басшылығы Зинедин Зиданның келесі маусымда «ПСЖ» тәлімгері болады деп үміттенеді.

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы өзінің бапкерлік мансабын мадридтік «Реалда» бастаған еді. Оның жетекшілігімен бұл клуб Испания чемпионатын екі рет жеңіп, үш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.

Бұған дейін Зинедин Зидан «Пари Сен-Жермен» футбол клубының басшылығымен команданың бас бапкері лауазымына тағайындау туралы келісімге келгені хабарланған болатын.