×

Ербаян Мұхтарды германиялық клиникалар қабылдауға дайын

Бірақ қазір оның денсаулығы көтермейді

 Ербол Тұрымбет 17.09.2024 | 16:29
Фото: Halyq Uni

Ұлттық ұлан жауынгері Ербаян Мұхтардың ата-анасы мен қорғаушысы оның денсаулық жағдайы мен тергеу ісіне қатысты соңғы мәліметтерінен құлағдар етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Анасы Гүлсім Қамиеваның айтуынша, Ербаянның жағдайы әлі де ауыр. Соңғы 1-2 күндікте денесі тартылып қалатын болған. Бүгінге дейін халық шамамен 230 млн теңгеден астам қаражат жинап берген. Алайда, шетелге апаруға екі мәселе кедергі болып тұрғанын айтты.

Біріншіден, қазір анасы мен әкесінің шетелдік құжаты дайын. Енді Ербаянның паспортының дайын болуын күтіп отыр. Ол шамамен 15 күнде дайын болып қалуға тиіс.

Екіншіден, Ербаянның қазіргі жағдайы әлі шетелге апаруға келмейді.

Дегенмен шетелге апарып емдету мәселесінде бүгінде германиялық 2-3 клиника 80-90% 2-3 айда бір қалыпқа келтіруге кепілдік беретіндерін айтқан.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да тасымал мәселесіне көмектесетінін білдірген. Бірақ нақты жауабы екі апта шамасында белгілі болады.

Айта кетейік, Алматыда орналасқан Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде сарбаз Ербаян Мұхтар құлап, комаға түскен еді. Науқас 4 айға жуық уақыт оянбастан жатқан. Биыл мамырда ол есін жиған болатын.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы тұрақты бақылауда екенін айтты.

Бас әскери прокуратура мәліметінше, қазір «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру арқылы әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама