Halyq Uni логотип
×

ҚМА 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкерді іздестіріп жатыр

Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі

 Динара Амантай 16.09.2024 | 11:21
ҚМА 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкерді іздестіріп жатыр
Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі 1,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкерге іздеу жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Агенттіктің мәліметінше, Омаров Руслан Ұланұлы 1986 жылы 28 шілдеде Ақтөбе облысы Алға қаласында туған. Ол жұмыстарды іс жүзінде орындамай, еш қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпестен, жалған шот-фактуралар жазып берді деген күдікке ілінген.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Р.У. Омаров «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар толтырған, – делінген ҚМА хабарламасында.

Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы көлемі 1,5 млрд теңгеден асады.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама