×

Қазақстанға түрік дрондары 20 маусымда келеді

Сондай-ақ, «Kuzgun» басқарылмалы қуатты зымыран да жеткізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2022 | 14:23
Көрнекі фото

«Turkish Aerospace» бас директоры Өмір Йылдыз Anadolu сайтына берген сұхбатында Қазақстанға «ANKA» дрондарының алғашқы партиясы 20 маусымда жіберілетінін айтты.

Ол дронға арналған «Kuzgun» басқарылмалы қуатты зымыраны да берілетінін мәлімдеді.

Бұған дейін «Türk Havacılık ve Uzay Sanayii» мен «Kazakhstan Engineering» компаниялары ANKA әскери дрондарын бірігіп құрастыру туралы келісімге қол қойған болатын.

Сол кезде әскери дрондардан басқа, тараптар дрондарды ұшыру және жөндеу мәселелері бойынша да әріптестік орнатқан.

Дрондарды бірігіп өндіру туралы келісімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары кезінде қол қойылған.

«ANKA» дроны 350 килограмға дейін жүк көтере алады. Оған танкілерді жоятын сегіз зымыран немесе төрт авиабомба орнатуға болады. Түркия армиясы мұндай аппараттарды 2020 жылы Сириядағы әскери операция кезінде пайдаланған. Ал 20 маусымда елімізге жеткізілетін дронның іліп ұшатын бомбаларының салмағы – 100 кило.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама