Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының өкілдері 1 млрд теңге жымқырған

Сот үкімімен 3 адам бас бостандығынан айырылды

 Динара Амантай 05.09.2024 | 09:20
Ақтөбеде шаруа қожалықтарының өкілдері 1 млрд теңге жымқырған
Фото: Halyq Uni

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезінде алаяқтық жасалған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдаланып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен несиелік қаражатты қолды қылған. Үш күдіктінің қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал келтірілді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама