Halyq Uni логотип
×

Халықаралық кинология федерациясы қазақ тазысына қатысты шешімін жариялады

Елордада иттер көрмесі 2024 жылдың сәуірінде өткен

 Халық үні 04.09.2024 | 10:21
Халықаралық кинология федерациясы қазақ тазысына қатысты шешімін жариялады
Фото: Halyq Uni

Халықаралық кинология федерациясының (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын («Kazakh Tazy») ресми түрде ит тұқымы деп алдын ала тану туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан президентінің іс басқармасы ресми сайтында хабарланды.

Осылайша, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.

Бұл шешім – қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде толық тану яғни мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең.

FCI стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды. Келешекте сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тест жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі. Бұл деректер FCI ғылыми комиссиясы үшін қажет. Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазір өте маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады, - деді FCI президенті Тамаш Яккель.

Айта кетейік, 26 сәуірде елодада халықаралық иттер көрмесі өтті. Іс-шарада тазылар бағаланып, олардың стандартқа сәйкестігі тексерілді.

Ал қазақы ит тұқымдарын халықаралық деңгейде мойындау үшін FCI міндетті талаптарының бірі – иттерді зерттеу, олардың шыққан еліндегі тұқымның жай-күйі мен даму перспективаларын зерттеу. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама