×

Торғай даласында киіктер егіс алқаптарын таптап жатыр

Шаруалар алқапты мемлекет тарапынан қоршап беруді сұрады

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2022 | 11:18
фото: funart.pro

Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Бидайық ауылының шаруалары киіктер егіс алқаптарын таптап тастады деп шағымданды.

Облыстың оңтүстігіндегі бұл аумақта астық шығыны онсыз да төмен. Диқандар гектарына 8 центнерден өнім алса, соны қанағат тұтады. Ал киіктердің кесірінен бұл көрсеткіш былтыр 2-3 центнерге дейін азайған.

Барлығы 10 мың гектарға дән сепкен 6 шаруа «дақылды күтіп-баптаудың орнына, киіктерді қорумен әуреміз» деп отыр. Енді оларға тығырықтан шығудың жалғыз жолы алқаптарды қоршау. Алайда оған қыруар қаржы кететіні белгілі. Қайрат Райысов атты шаруаның айтуынша, бұл жұмысты мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асыру әсте мүмкін емес.

«Менің өз жерімді былтыр есептегенімде, қоршау үшін 125 миллион теңге қажет екен. Бұл мен үшін екі комбайнның құны. Жалғыз мен емес, басқалар да бар. Бұл ақша әжептәуір өседі. Мысалы, шетелдерде аңды қорғау үшін заң қабылдағанда оның бәрінде қоршау қарастырылған. Сол жерді қоршап берсе дұрыс болар еді», - дейді шаруа.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06