×

«Дақылдарды жояды деген – жай сөз...»: зоолог киіктерді атпау керектігін ескертті

Оның артында ақбөкен мүйіздерін сату арқылы тез байып кету ниеті бар

 Еркеғали Болатұлы 09.06.2022 | 17:12
фото: ашық дереккөз

БҒМ ҒК Зоология институты биобағалау және аңшылық зертханасының меңгерушісі, зоолог-ғалым Константин Плахов киіктердің санын реттеу және жануарларды атуға рұқсат етілгеннен кейінгі ықтимал зардаптар туралы айтты.

Оның пікірінше, киіктерді атуға биологиялық кедергілер жоқ, бірақ әлеуметтік кедергілер бар. Өйткені ол браконьерліктің өсуіне түрткі болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережелеріне өзгерістер енгізілетін бұйрық жобасын дайындаған еді. Соған «киіктердің дериваттарын жинау» тармақшасын қосып, оларды аулауға мүмкіндік бермек.

«Ең қызығы, мұндай жағдай 70-жылдары да болған. Сол облыстардың билігі Үкіметті киіктерді «санын реттеу және азайту үшін атуға» шақырды. Сонымен қатар, олар ақбөкендердің «жергілікті тұрғындарға тиесілі жерде жүретіні» туралы эмоционалды мәлімдемелер қолданады немесе киік елдің азық-түлігіне қауіп төндіреді деген сөздер айтады», – дейді Константин Плахов.

Сондақтан ол фермерлер ақбөкендердің өз аумағына кірмеуі үшін өз бетінше қорғаныс жасауы керек деп санайды.

Біздің адамдар заң аясында әрекет ете алмайды. Жаппай киіктерді ата бастайды. Сонымен қатар, ақбөкен дақылдарды жояды деген дәлелдер көбінесе «желеу» ретінде қолданылады. Оның артында ақбөкен мүйіздерін сату арқылы тез байып кету ниеті бар.

Әрине, бұл – өте маңызды тәуекел. БҚО-да киіктердің саны 800 мыңға жуық болса, олардың ішінде аталықтары 150 мыңдай ғана. Оларды өлтіру өте оңай. Ал кейін не істейміз?» – дейді ғалым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама