Ұлттық жобаны іске асыру барысында артық шығындардың алдын алу көзделген
Қаржылық мониторинг агенттігі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуына мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығымен кездесу барысында ұлттық жобаны іске асыруға 2,3 трлн теңге бөлінгенін айтты.
Заманауи талаптарға сай 369 мектеп салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, агенттікпен жүргізілген мониторинг барысында мектеп салу кезінде артық шығындарды анықтап, олардың алдын алды.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов жобаның іске асырылу мәртебесі, оны цифрландыру кезеңдері және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық және қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жасау мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.