Halyq Uni логотип
×

Тағы бір қаржы пирамидасын ұйымдастырған шетелдікке іздеу жарияланды

Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі

 Динара Амантай 29.08.2024 | 09:17
Тағы бір қаржы пирамидасын ұйымдастырған шетелдікке іздеу жарияланды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын ұйымдастырған Өзбекстан азаматына халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Батыршина Дана Анварқызы – 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласының тумасы.

Күдікті әйел 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы көлемі 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған, – делінген Агенттік хабарламасында.

ҚМА ақпаратына сәйкес, Thefiniko компаниясы сауда және инвестиция платформасына жатпайды әрі әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама