Halyq Uni логотип
×

Астанада ай сайын 10 мыңға дейін вейп шығаратын цех жойылды

Заңсыз айналыммен күрес аясында 22 мыңнан аса электронды темекі тәркіленді

 Динара Амантай 27.08.2024 | 09:51
Астанада ай сайын 10 мыңға дейін вейп шығаратын цех жойылды
Фото: видеодан скриншот

Вейптердің таралуына қарсы күрес аясында тәркіленген шамамен 400 мың дана электронды құрылғылар жойылған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше,  2024 жылдың 20 маусымында вейптарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салатын заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен бері ҚМА вейптардың, хош иістендіргіштердің және оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 25 фактісін тоқтатқан.

Көрсетілген кезеңде заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электронды құрылғы, сондай-ақ 7 мың хош иістендіргіш, картридж және буландырғыштар тәркіленді, – делінген Агенттік хабарламасында.

Сондай-ағ, елордада вейптар мен оларға арналған сұйықтықтарды өндіру, сақтау және сатумен айналысқан ірі астыртын цехтың ұйымдастырушысы ұсталды. Қылмыстық топ қолдан жасалған әдіспен глицерин, никотин және жасанды хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтықты өндірген. 5 мыңнан астам темекі қоспасымен толтырылған дайын вейп, 235 литр химиялық заттар – глицерин және пропиленгликоль, хош иістендіргіштер, сондай-ақ оларды өндіруге арналған құрылғылар анықталды.

Астыртын цехтың өндірістік қуаттылығы – ай сайын 7 мыңнан 10 мыңға дейін электронды құрылғы. Қолдан жасалған барлық өнім республика бойынша вейп сататын дүкендерге таратылып отырған. Сот үкімімен аталған азамат сотталды. Вейптардың барлық партиясы мен өндіріс жабдықтары жойылды, – деінген хабарламада.

Айта кетсек, электронды құрылғыларды шегу барысында бөлінетін буда 30-дан астам қауіпті заттардың бар екені анықталған, ал қыздырылған кезде бөлінетін канцерогендердің концентрациясы едәуір ұлғаяды. Бұл жасөспірімдердің денсаулығына, зейінін шоғырлануына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама