ҰҚК төрағасының орынбасары болып Алтынбаев тағайындалды

Қымбат Елтайқызы

Президент тиісті құжатқа қол қойды

фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған қоса бүгін Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Ал Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзарды.