×

Жаппай тәртіпсіздік: 10 мыңға жуық адам ұсталды

Бүгін ішкі істер органдарына 9900 адам жеткізілді

 Халық үні 11.01.2022 | 10:01
фото: Әсет Құндақбаев (Алматы)

Тараз қаласында Ұлттық ұланның және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің қатысуымен жедел іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері «Макаров» тапаншасын – 1 бірлік, тапаншаға арналған патрондары жоқ оқсауыттар, бронежилетті – 1 дана, «ТОЗ 35» пневматикалық тапаншасын тәркіледі.

Сотқа дейінгі тергеу басталды, дейді Ішкі істер министрлігінің жедел штабы.

Атап өтсек, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шеруге еліміздің өзге өңірлері де қосылып, оның арты содырлардың ылаңына ұласты. Жағдай ушыққандықтан Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.

7 қаңтар күні ел аумағында террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі жарияланды. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар мен күш құрылымдарының қызметкерлері мерт болды.

Мемлекет басшысы қаскөйлікке барған адамдардың бәрі қатаң жазаланатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама