Тағы 12 нысанның құжаттары тексеріліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігі 61 ірі инфрақұрылымдық нысанды жоспарлау кезеңінде олардың құнын төмендету үшін резервтерді анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде жобалық сметалық құжаттар түзетіліп, 65 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.
Қазір 11 млрд теңгеге қымбаттату тәуекелі бар тағы 12 нысанның құжаттары тексеріліп жатыр.
Мәселен, елордада әкімдікпен бірлескен жұмыстың нәтижесінде магистральдық кәріз коллекторын салу бойынша инфрақұрылымдық объектіні жобалау кезінде мемлекеттің 5,3 млрд теңгеге артық шығыстарының алды алынды. Нәтижесінде жобалау сатысында құрылыс құны 26,4 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін төмендетілді, – делінген ҚМА хабарламасында.
Сондай-ақ, ҚМА талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе қаласының «Парасат» тұрғын алабында электрмен жабдықтау желілерін салу» объектісін жобалау сатысында 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеді.