Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында фермер 200 млн теңге салықтан жалтарған

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 15.08.2024 | 12:12
Қостанай облысында фермер 200 млн теңге салықтан жалтарған
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында фермер 200 млн теңге салықтан жалтарған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, шаруа қожалығының басшысы 2022 жылы 1 млрд-тан аса теңгеге 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып берген. Оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бұл контрагенттерге мемлекет бюджетіне жалпы көлемі 200 млн-нан астам теңге салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген ҚМА хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама