Бүгін Мәжілісте жаңа премьердің кандидатурасы ұсынылады

Халық үні

Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді

Фото: akorda.kz

Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады.

Сондай-ақ Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.

Президенттің қатысуымен өтетін жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізіп, Үкіметтің отставкасын қабылдады. Премьер-министрдің міндетін атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.