Halyq Uni логотип
×

Мемлекетке 400 миллион теңгеден аса залал келтірген күдікті іздестіріліп жатыр

Ол салық төлеуден жалтарған

 Динара Амантай 09.08.2024 | 12:27
Мемлекетке 400 миллион теңгеден аса залал келтірген күдікті іздестіріліп жатыр
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекетке 400 миллион теңгеден аса залал келтірген күдіктіге іздеу жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Агенттіктің мәліметінше, Бойко Михаил Адамович 1963 жылы 25 маусымда туған. Ол балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындар бойынша корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі («Салық төлеуден жалтару») және 218-бабы 3-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру») бойынша қылмысты іс қозғалған.

Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз, – делінген ҚМА хабарламасында.

Агенттікке төмендегі нөмірлер арқылы хабарласуға болады:

  • +7-701-218-05-23, +7-701-121-47-65 - азаматтарды іздестіру бойынша;
  • +7-7272 - 79-29-56 - кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама