Барлық өнім жойылады
Қостанай облысында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралынсыз сатқан 4 адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаржылық мониторинг агенттігі темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша 4 қылмыстық істі тіркеді.
Тауардың жалпы сомасы 168 млн теңгеден асады. Рейдтер жүргізу барысында сәйкестендіру құралынсыз темекінің жария түрде сатылғаны, сондай-ақ Қостанай қаласында тауарлар сақталған орындар анықталды. Айналымнан 290 мыңнан аса қорап темекі шығарылды.
Заңсыз жұмыс істеген 4 күдіктінің үстінен қылмыстық істер қозғалып, сотқа жіберілді. Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жаза тағайындады.
Барлық тәркіленген өнім жойылады.